“Әл Фараби- Шығыстың ұлы ойшыл-ғалымы” атты сырттай жобалар байқауының номинациясы бойынша жүлделі II орынға ие болды. Даулетьярова Мерей 10 сынып оқушысы.
Мектебімізде “Қауіпсіз интернет” онкүндігінің іс-шаралар жоспарына сай оқушылардың салған суреттері.

“Қауіпсіз интернет” онкүндік жоспарына сәйкес 8-11 класс оқушыларына “Интернет менің өмірімде” тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Өткізген информатика пәні мұғалімі Ногайбаева Г.А.

Кәмелетке толмағандар арасындағы нашақорлық пен есірткі заттарын қолданудың алдын-алу мақсатында мектеп кітапханасында “Нашақорлық – қоғам дерті” тақырыбынды бұрыш жасақталды. Жоғары сынып оқушылары бұрышта есірткі мен нашақорлықтың зияны туралы кітаптармен танысты.
Ұйымдастырушы кітапханашы Кунжарикова А.Ж

Кәмелетке толмағандар арасындағы есірткі заттарын қолданудың алдын-алу мақсатындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес “Спорт деңсаулық кепілі” атты теннис жарысы ұйымдастырылды. Жарысқа 8-11 класс оқушылары қатысты. Жарыс қорытындысы: 1 орын 9 класс оқушысы Жеткерген Арсен. 2 орын 8 класс оқушысы Есенғали Жантөре. 3 орын 8 класс оқушысы Ырсбай Айнур.
Өткізген дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мақсот М.М


Мектебімізде 9 класс оқушыларына “Нашақорлық-ғасыр дерті” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға әлемді алаңдатып отырған нашақорлық, темекі т.б. зиянды әрекеттердің белең алып бара жатқанын ескерте отырып, оны болдырмаудың алдын-алуға тәрбиелеу.
Кл.жетекшісі: Денгелбаева А.У
